Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сот түрмеде отырған Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевтың денсаулығын тексеруді тапсырды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың денсаулығын тексеру үшін сот-медициналық сараптама жүргізеді. 2019 жылы Кой-Таш ауылында болған оқиғаны қарап жатқан сот осындай шешім шығарды.

Бұл жөнінде Социал демократиялық партияның өкілі Құндыз Жолдубаева хабарлады. Ол сараптама толық аяқталғанша, сот отырысы кейінге қалдырылды деді.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев 2020 жылдың желтоқсан айында денсаулығына байланысты тергеу абақтысынан колонияға ауыстырылған. Соңғы айда ол сот отырысына қатыспады. Оның адвокаттары денсаулығына байланысты оны үйқамаққа шығаруды сұрап жатыр.

Атамбаев 2011- 2017 жылдары арасында Қырғызстанды басқарды. Ол қызметінен кеткеннен кейін, оған бірнеше ауыр айыптар тағылды. Экс-президенттің өзі мұның саяси астары бар деп мәлімдеген.

Былтыр Бішкек қаласы Первомайский аудандық соты Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 2 айға соттап, дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкім кесті. Атамбаевқа сот үкімі «қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі» бойынша шықты.

Атамбаевқа бұдан бөлек Кой-Таштағы оқиғаға қатысты «Адам өлтіру», «Кепілге алу», «Бұзақылық», «Билік өкіліне күш қолдану» сынды баптармен де қылмыстық іс қозғалған.

2019 жылы 7-8 тамызда Шу облысы Аламудун ауданындағы Кой-Таш ауылында «Алмазбек Атамбаевты тергеуге мәжбүрлеп жеткізу» операциясы кезінде күштік құрылымдар мен саясаткер жақтастары арасында қақтығыс болған. Ауыр жараланған арнайы жасақ өкілі көз жұмды, бірнеше адам зардап шекті. 200-ден астам адам жараланды. 8 тамызда Алмазбек Атамбаев пен жақтастары билікке өз еркімен берілген. Ол содан бері қамауда отыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM