Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Созақта «Қазатомөнеркәсіппен» еншілес кәсіпорынның жүздеген жұмысшысы жалақы өсіруді талап етіп тұр

KAZAKBOL.COM

24 ақпанда Түркістан облысы Созақ ауданындағы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен еншілес «Волковгеология» кәсіпорнының «Оңтүстік ВГ ГРЭ-7» филиалының жүздеген жұмысшысы айлық жалақысын 100 пайызға көтеруді талап етіп, жұмысты тоқтатты.

Жұмысшылардың айтуынша, талаптарын кәсіпорын басшылығына жазып, ұжымдық хат жолдаған.

«Оңтүстік ВГ ГРЭ-7» филиалында бұрғылау шебері болып жұмыс істейтін Нұрлан Бековтің айтуынша, кәсіпорында жұмыс істегеніне 20 жылдан асқан. Айлық жалақысы – 140 мың теңге. Бұл жалақымен күн көру қиын.

— Кәсіпорында жұмысшылардың айлық жалақы 65-140 мың теңге көлемінде. Жоспар 100 пайыз орындалса, сыйақы беріледі. Бірақ жоспарды толық орындау мүмкін емес, — дейді ол.

Жұмысшылардың хабарлауынша, «Оңтүстік ВГ ГРЭ-7» филиалында мыңнан аса адам вахталық тәртіппен жұмыс істейді. Қазір 500 жұмысшы кәсіпорын басында жұмысын тоқтатып отыр. Қалғаны демалыста. Олар жалақы мөлшерін 100 пайызға өсіру талабын кәсіпорын басшылығына жіберген. Жұмысшылар талаптары орындалмаған жағдайда президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялайтынын айтады.

Жұмысшылар жіберген видеода жүздеген жұмысшы жұмыс орнына келіп, ереуілдеп тұрғаны байқалады.

— Машинист көмекшісімін. Айлығым төмен. Айына вахталық тәртіппен 15 күн жатып жұмыс істеп, 83 мың теңге жалақы аламын. Бұл күн көруге жетпейді, — дейді жұмысшы Илхамжан Абылаев Азаттыққа.

Жұмысшылардың жалақысын көтеру талабымен жұмысты тоқтатуы туралы «Оңтүстік ВГ ГРЭ-7» филиалына хабарласып, пікір алу мүмкін болмады.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының ресми сайтында «Волковгеология» кәсіпорны компания құрамына 1997 жылы кіргені жазылған. Кәсіпорын компанияның ұран кен орындарын іздеу және барлаудан бастап, оны өндірістік пайдалануға енгізу және технологиялық бұрғылаумен айналысады.

Кәсіпорынның жер-жердегі алты филиалында төрт мыңнан аса адам жұмыс істейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM