Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Столтенберг НАТО мүшелеріне Украинаға 500 млн еуродан беруді ұсынды

KAZAKBOL.COM

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс мүшелерінен Украинаға көмек ретінде жыл сайын 500 миллион еуродан беріп отыруды сұрады. Бұл туралы Bloomberg дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Столтенберг НАТО елдерінің Украинаға көмек қорына үлес қосқанын қалайды. Жәрдемнің мерзімі қысқа пакетіне жанармай, жауынгер киімі, дрондармен күрес жүйесі секілді көмектер кірсе, ұзағына Киевке армиясын НАТО стандарттарына сай толық жаңартуға көмектесу жатады.

Қаражат ең әуелі ұшпайтын қаруларға жұмсалады. Әлемде совет үлгісіндегі қару қоры сарқылып бара жатқанын ескерсек, НАТО стандарттарына көшу қазіргі заманғы ұшу аппараттарын да жеткізуге жол ашуы мүмкін.

НАТО бас хатшысының айтуынша, көмек Украинаға армиясын жаңартып, альянс стандарттарына көшуге көмектеседі.

Бұның алдында Франция үкіметі Киевке жеткізілетін 155-мм калибрлі артиллерия оқтары санын ай сайын еселеп отыратыны мәлім болды. Сонымен бірге украин армиясы жақында SAMP-T әуе қорғанысы кешенін алады.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс елдері 155-мм калибрлі артиллерия оқтарын өндіруді ұлғайтқанын мәлімдеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM