Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Суға шомылмақ болған 19 жасар футболшыны қолтырауын жеп қойды

KAZAKBOL.COM

Эстевао Альберто Жино. Фото: kp.ru

Мозамбиктегі «Атлетико Минейро де Тет» клубының 19 жастағы футболшысы Эстевао Альберто Жиноға Замбези өзенінің жағасында қолтырауын шабуыл жасады деп хабарлайды 24 арна.

Бұл туралы O Tempo журналы команданың жаттықтырушысы Эди Карвальоға сілтеме жасап мәлімдеген.

Оның сөзінше, спортшы жүгірістен кейін суға түспекші болған.

«Кенеттен қолтырауын пайда болып, оның аяқ тұсынан ұстап, суға әкетті. Қасында болған екі досы айғайды ести сала жетіп келген, алайда ештеңе істей алмаған. Қолтырауынның ұзындығы 5 метрге жетті», — деді Карвальо.

Сондай-ақ ол жас футболшының денесінің табылмағанын да алға тартты. Жино «Атлетико Минейро де Тет» сапында орталық қорғаушысы болған. Команда Мозамбик әуесқой лигасында ойнап келе жатыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM