Түрлі мәліметтерге қарағанда, Суданда қарулы топ әскери төңкеріс жасауға талпынып жатыр.
Араб басылымдары мен батыс агенттіктерінің Хартумнан хабарлауынша, әскер өкілдері министрлердің бірнешеуін, премьер-министр Абдалла Хамдукты, сонымен бірге бірқатар провинцияның губернаторлары мен саясаткерлерді ұстаған.
Әскер Омдурман қаласындағы мемлекеттік телерадио штаб-пәтерін шабуылмен алған. Көшелер жауынгерлер мен әскери техникаға толды. Елде интернет өшіп қалып жатыр.
[VIDEO]: Demonstrations in the streets of Khartoum amid coup in #Sudan. pic.twitter.com/XtEBwxNLDA
— The African Voice (@teddyeugene) October 25, 2021
Премьер атынан демократияны жақтаушыларға көшеге шығып, бейбіт митинг өткізуге, сол арқылы төңкеріске жол бермеуге үндеу жасалған. Мәліметтерге қарағанда, Хартум көшелерінде көлік дөңгелектерінен тұрғызылған баррикадалар пайда болды.
Әскер өкілдері әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдері әскери төңкеріс жасауға талпынушылардың әрекетін сынады.
Суданда өтпелі кеңестің әскери және азаматтық мүшелері арасында жанжал ушыққанына бірнеше апта болды. Бұл кеңес 2019 жылы авторитарлы билік құрған президент Омар әл-Башир биліктен тайдырылған соң құрылған.
KAZAKBOL.COM