Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте апалы-сіңлілі үш қыздың өлімі үшін дәрігерлер сотталды

KAZAKBOL.COM

Ташкенттің Алмазар аудандық соты былтыр қараша айында бірінің артынан бірі көз жұмған бір туған үш нәрестенің өліміне қатысты дәрігерлерді кінәлі деп тапты.

Алмазар аудандық соты дәрігер Гүлчехра Одилованы бес жылға, ал Нодира Туляганованы алты жылға бас бостандығынан айырды.

Сот шешімі бойынша, апалы-сіңлілі үш қыздың өлімі дәрігерлердің салғырттығынан болған. 7 жастағы Муниса, 6 жастағы Мухлиса және 4 жастағы Мохира инфекциялық ауруханада бірнеше сағаттың ішінде, бірінің артынан бірі көз жұмған.

«Инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігері Хусан Гиясов түнгі бірге дейін, 6 жастағы Мухлиса көз жұмғанша, ешнәрсе істемеген. Біз негізінен Хусан Гиясов кінәлі деп есептейміз. Біз оның жауапкершілікке тартылуын сұрап, тағы арыз жаздық», – дейді қаза тапқандардың туысы.

Былтыр қараша айында Бешкурган ауылында тұратын бір үйдің үш қызы – 7 жастағы Муниса, 6 жастағы Мухлиса және 4 жастағы Мохира бірінің артынан бірі көз жұмды. Ең кішісі жедел-жәрдем көлігінде, ал екі әпкесі ауруханада қайтыс болды.

Алдында олар кәуаптан уланды деген болжам жасаған. Бірақ туыстары мұны жоққа шығарады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM