Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түрік генералының үйінде жұмыс істеген өзбек қызы құпия жағдайда қайтыс болды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстандағы Жизақ облысының 23 жастағы тұрғыны Надира Кадырова 24 қыркүйекте Анкарада отставкадағы генерал Ширин Уналдың үйінде құпия жағдайда қаза тапты.

Түрік баспасөзінің мәліметі бойынша, Надира Кадырова генерал Уналға тиесілі тапаншамен жараланған. Оқиға 24 қыркүйекте таңертең тіркелген. Бір сағаттан соң ол Анкарадағы Билькент ауруханасында қайтыс болды.

Жас қыз өзін-өзі өлтірген делінеді. Түркияда билік басындағы партияның депутаты Ширин Унал бұл уақытта үйінде болған. Ол журналистерге жауап беруден бас тартты. Надира Кадырова бір жылдан бері генералдың қарт анасын қараған.

Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Кадырова досы Лейлаға «Ағамның көзіне қалай қараймын. Өлгім келеді» деп жазған. Бірақ Надира нақты не болғанын досына ашып айтпаған.

Өзбекстанның Анкарадағы бас консулдығы тергеуге араласа алмайтынын, қазір бұл істі түрік полициясы зерттеп жатқанын хабарлады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM