Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркімен әйелдері президенттен 3 доллардан сыйлық алады

KAZAKBOL.COM

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай елдегі әйелдер қауымына 60 манаттан тарату жөнінде бұйрық берді.

Президент осындай үкімге үкіметтің 24 ақандағына жиналысында қол қойды. Құжатта 60 манаттан тұратын сыйлықтар 1-6 наурыз аралығында салтанатты түрде тапсырылатыны айтылған.

60 манат — ресми бағам бойынша шамамен 17 доллар; қара базардағы бағаммен шамамен 3 доллар.

Президент тағайындаған ақшалай сыйлық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін, сонымен бірге зейнетақы мен мемлекеттің жәрдемақысын алатын, бұған қоса аспирантура, докторантура және клиникалық ординатурада оқитын әйелдер, студенттер мен оқушы қыздар, мектепке дейінші мекемелерде оқитындар алады.

Үйде отырған әйелдер, мектепте оқымайтын қыздар, балабақшаға бармайтындар, жекеменшік кәсіпорындарда істейтін әйелдер президент сыйлығын алмайды. Олар бұған дейінгі жылдары да мұндай сыйлықтан құр қалған.

Түркіменстанда президент сыйлығы әйелдерге жыл сайын табыс етіліп жүр. Сыйлықтарды тапсыру салтанатын мемлекеттік телеарналар көрсетеді.

Мұндай дәстүр алғашқы президент Сапармұрад Ниязов кезінде басталған. Ол әйелдер мерекесін Наурызға ауыстырған. Гүрбанғұлы Бердымұхамедов билікке келген соң 2008 жылы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қайтадан тойлана бастады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM