Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркімен белсендісі Дурсолтан Таганованы Стамбулдағы депортация орталығынан босатты


Түркімен билігін ашық сынап жүрген белсенді Дурсолтан Таганова Стамбулдағы депортация орталығынан босатылды. Бұл туралы 29 қыркүйекте «Хроника Туркменистана» сайты хабарлады.

29 қыркүйекте түстен кейін Дурсолтан Таганова Түркиядағы депортация орталығынан босап шықты. Оның адвокаты қажетті құжаттарды түрік билігіне өткізген.​

Таганова бірнеше күн бұрын Стамбулда ұсталды. Мәскеудегі «Мемориал» құқық қорғау ұйымының 27 қыркүйекте хабарлауынша, түркімен белсендісі Дурсолтан Таганованы түрік билігі ұстап, оны Селим-паша депортация орталығына тапсырған.

Содан кейін белсенді видео түсіріп, онда түрік билігі оны Түркіменстанға депортациялағалы жатқанын айтқан, түркімен жүйесіне қарсы жұмыс істейтін басқа да белсенділерді «қорықпауға» үндеген.

Еске салайық, 2020 жылғы 19 маусымда түркімен белсенділерінің Стамбулдағы наразылық акциясынан соң Таганованы түрік полициясы ұстады. Ол үш ай депортация орталығында отырды. Содан кейін белсенді Түркиядан баспана сұрап, сол елде заңды түрде тұруға рұқсат алды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM