Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркімен дипломаттары Ауғанстанда «Талибан» өкілдерімен кездесті

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанның Герат пен Мазари-Шарифтегі бас консулы «Талибанның» Герат пен Балх провинцияларындағы миссиясының жетекшісімен кездесті. Бұл туралы Түркіменстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркіменстанның Гераттағы бас консулы мен тәліптер миссиясының басшысы Герат провинциясында 18 тамызда кездескен.

Мәліметтерге қарағанда, тараптар Түркіменстан бас консулдығының Ауғанстанның батыс өңірлеріндегі жұмысына қатысты мәселелерді талқылаған.

Түркіменстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Түркіменстанның Мазари-Шарифтегі бас консулы тәліптердің Балх провинциясындағы өкілдігінің басшысымен де кездескен.

Хабарларға қарағанда, түркімен билігі биыл «Талибан» өкілдерімен кем дегенде үш кездесу өткізген.

Тәліптердің Кабулды басып алуына байланысты, шетел дипломаттары Ауғанстаннан жаппай кетіп жатыр.

Түркіменстан бірнеше күн бойы Ауғанстандағы оқиғаларға қатысты ресми ұстанымын жарияламады. Түркімен билігі ауған жауынгерлері мен жергілікті этникалық түркімендердің Ауғанстанды тастап, Түркіменстанға өтуіне жол бермеді.

Түркімен билігінің көрші елде болып жатқан оқиғаларға үнсіз отырғанына сынаушылар көп болды. Содан кейін Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі бірнеше мәлімдеме таратып, көрші елдегі жағдайды жіті бақылап отырғанын, ол елдегі түркімен миссиясы әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Түркіменстан мен Ауғанстанның ортақ шекарасы шамамен 800 шақырымға созылып жатыр. Түркіменстан мен Ауғанстан газ құбыры мен темір жол құрылысына қатысты трансұлттық жобаларға қатысып жатыр.

«Талибанның» ресми өкілдері екі ел арасындағы трансұлттық жобалар сақталатынын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM