Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстан билігін ашық сынаушы Түркияда өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Стамбұлда тұратын түркіменстандық белсенді Дурсолтан Таганова президент Гурбангулы Бердымұхамедовті сынағаны үшін оған Түркияның миграция қызметі қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы «Мемориал» құқық қорғау ұйымы хабарлады.

Таганованың айтуынша, 15 сәуірде оны миграция қызметі шақырып, тұратын жері, туыстары, елден кету себебін және түркімен билігін не үшін сынайтынын сұраған.

«Маған интернеттегі мәлімдемелерімді тоқтатуың керек деп ескертті. Олардың түркімен билігін сынайтын блогерлердің жазбаларын тексеретінін білдім», — дейді Таганова.

Ол жақында ғана түрік билігі Түркіменстандағы азық-түлік тапшылығы жөніндегі TikTok желісіне жариялаған видеосын бұғаттағанын айтты.

Осыған дейін Таганова Түркіменстанның Стамбұлдағы консулдығы жанында өткен митингіден кейін карантин тәртібін бұзды деген айыппен қамауға алынған.

Түрік билігі алдында Таганованы еліне депортацияламақ болған, бірақ халықаралық 11 құқық қорғау ұйымының үндеуінен кейін оны босатқан. Осы оқиғадан кейін Түркіменстанда белсендіге қарсы «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оған іздеу жарияланған.

«Мемориал» ұйымы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Түркіменстанға сапары алдында Ашғабадты сынайтын түрік блогерлеріне қарсы қысымның көбейгенін хабарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM