Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстан президенті енді заң шығару билігін қолына алды


14 сәуірде Ашғабадта Түркіменстан президентінің кандидатурасы Халк Маслахаты заң шығарушы органның төрағалығына бекітілді.

Бұл жөнінде Халк Маслахатының алғашқы отырысында президент Гурбангулы Бердымұхамедовтің өзі жариялады. Осылайша, Түркіменстан президенті, премьер-министр қызметтерін қоса атқаратын 63 жастағы Гурбангулы Бердымұхамедов енді Халк Маслахатының спикері.

Халк Маслахаты — түркімен парламентінің жоғарғы палатасы. 56 депутаттан тұрады. Оның сегізін президенттің өзі тағайындайды.

2006 жылы Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан кейін билік тізгінін қолына алған Гурбангулы Бердымұхамедов қос палаталы парламент құрып, мұны демократиялық дамуға жасалынған қадам деп түсіндірген.

Сарапшылар ол өзінің ұлы Сердар Бердымұхамедовті президент етуге дайындап жатыр дейді.

Биыл ақпан айында 39 жастағы Сердара Бердымұхамедов үшін қосымша вице-премьер қызметі құрылған. Ол сонымен бірге елдің Ішкі істер министрі, Қауіпсіздік кеңесін басқарады әрі Түркіменстанның жоғарғы бақылау палатасына төрағалық етеді. Бұдан бөлек «Түркімен алабайы» қауымдастығының жетекшісі.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM