KAZAKBOL.COM

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысында ішкі істер министрі Искандер Муликовты қызметінен алып, залдан қуып шыққан.

Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлауынша, экс-министрдің барлық мемлекеттік марапатынан айырған. Оның орнына ішкі істер министрінің орынбасары болған Мамметхан Чакыевты тағайындаған.

Осыған дейін экс-министрдің жеке жүргізушісі болған Мақсат Амановтың ұсталғаны хабарланған. Ақпаратқа қарағанда, оның ұсталуы жақында қамауға алынған ірі кәсіпкер Чары Кулов пен сауда және сыртқы экономикалық байланыс министрі Амандурды Ишановтың істерімен тікелей қатысты.

Экс-министрдің бірнеше кафе, мейрамханасы тәркіленгені айтылып жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметі дереккөзіне сілтеме жасап, министрліктегі тазалау – Искандер Муликов пен Ұлттық қауіпсіздік министрі Яйлым Бердиевтің өзара теке тіресі екенін айтады.

44 жастағы Искандер Муликов осыған дейін отставкаға кету жөнінде президент Гурбангулы Бердымухамедовқа өтініш берген. Бірақ президент өтінішін қабылдамаған. Муликов бұл қызметті 2009 жылдан бері атқарып келген.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя