Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстан президенті мұнай-газ секторын басқаруды ұлына жүктеді

KAZAKBOL.COM

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мұнай-газ саласын басқаруды ұлы, вице-премьер Сердар Бердімұхамедовке жүктеді. Бұл жөнінде үкіметтің «Бейтарап Түркіменстан» басылымы хабарлады.

Табиғи газ қорына бай Түркіменстан газ тасымалдау бойынша әлемде төртінші орында тұр. Мемлекет қазынасының едәуір бөлігін шикізат экспортынан түсетін кіріс толтырады. Crude Accountability құқық қорғау ұйымының мәліметінше, бірақ энергия тасымалдаудан түсетін қаражаттың 80 пайызы көлеңкелі экономикаға, оның ішінде президент Бердімұхамедов пен отбасының жеке бюджетіне де сіңіп жоқ болады.

Бірнеше жылдан бері бюджет түсімі де ортайып келеді, ел ауыр экономикалық дағдарысқа ұшырады. Ал басшылық мұны мойындамайды. Ел экономикасына ақпан айынан бері Бердімұхамедовтің ұлы жауапты. Ол сол кезде әкесінің орынбасары болып ресми тағайындалған.

Түркіменстандағы ресми басылымдарда оны «халық ұлы» деп атайды. Ал оның әкесімен бірге көп алдына шығуын «буындар алмастығының символы» ретінде сипаттайды. Сердар Түркіменстан атынан көптеген халықаралық кездесулерге қатысқан. Түркіменстан президентінің жалғыз ұлының саяси мансабының тез өсуін тәуелсіз бақылаушылар 63 жастағы Гурбангулы Бердімұхамедов билікті тапсыратын мұрагерін дайындап жатыр деп түсіндіреді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM