Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстанда құрғақшылықтан мал қырылып жатыр


Түркіменстанның Балкан облысында құрғақшылықтан мал жаппай қырылып жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, әзірге құрғақшылық аймақтағы мал шаруашылығына қанша зиян алып келгенін анықтау мүмкін емес, себебі ресми мекемелер бұл мәліметті жасырып отыр.

Жергілікті шопандардың айтуынша, аймақта күн райы 45 градустан асып жатыр. Теңіз бен шөлдің ортасында орналасқан елді-мекендерді құм басып, мыңдаған үй жануары қырылып жатыр.

Аймақтағы құрғақшылық туралы мәліметтер өлкенің батыс бөлігіндегі ауыл шаруашылығы жерлері үшін арнайы салынған су қоймасы пайда болғаннан кейін айтыла бастады.

«Олар ашылу салтанаты кезінде әдемі көрініп тұрсын деп, ауыл шаруашылығына берілетін суды бөгеп, су қоймасын толтырған», — дейді аймақтағы сумен қамтамасыз ету бойынша басқарма қызметкері.

Түркіменстанның Балкан облысы Қазақстанның Маңғыстау облысымен шектеседі. Бұл өңірде шілде айында мыңнан астам мал қырылғаны айтылған. Қазақстан билігі мемлекеттік қордан 1,9 миллиард теңге (4,4 миллион доллар) бөлгенін хабарлаған.

Тамыз айының басында Еуропалық одақ Қазақстанда құрғақшылықтан зиян шеккен отбасыларға материалдық көмек көрсету үшін 200 мың еуро бөлгенін мәлімдеген. Бұл қаражаттан Маңғыстау және Түркістан облысының 6 мың адамға көмек көрсетілгені айтылды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM