Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстанда халық саны екі есеге азайған


Түркіменстан халқының саны 2,7 миллионға дейін төмендеп, 1980-жылдардағы деңгейге түсіп кетті. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі 2022 жылғы халық санағына дайындалып жатқан мемлекеттік мекемедегі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, қазір Түркіменстандағы халық саны ресми статистикадан кемінде екі есеге аз. Бұл деректі бір-біріне тәуелсіз үш дереккөз растаған.

Олар Түркіменстанда халық азайып жатқанын, бұл билік үшін күтпеген жағдай болғанын білдірген. Олардың айтуынша, 2008 жылдан 2018 жылға дейін Түркіменстаннан 1 миллион 800 мың адам шығып кеткен. Олардың көбі Түркияға, Ресейге, Украинаға және Өзбекстанға бағыт алған. 2018 жылы түркімен билігі 40 жасқа толмаған азаматтарға өлкеден шығуға тыйым салған.

2018 жылы Дүниежүзілік банк ресми мәліметке сүйеніп, Түркіменстан халқы 5,8 миллион екенін мәлімдеген. 2020 жылы түркімен үкіметі халық саны 6,2 миллионға жеткенін хабарлаған.

Адам құқықтары және азаматтық еркіндік көрсеткіші бойынша Түркіменстан әлемдегі ең жабық және репрессивті мемлекеттер қатарында тұрады. 2019 жылы «Шекарасыз тілшілер» ұйымы Түркіменстандағы баспасөз еркіндігі Солтүстік Кореядан да нашар екенін мәлімдеп, бұл өлкені ең соңғы орынға қойған. Соңғы бірнеше жылдан бері Түркіменстанда дағдарыс күшейгені хабарланып келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM