Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстанда мектеп түлектері әскерге шақырылып жатыр

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда әскерге шақыру жүріп жатыр. Армияға шақырылғандар ішінде мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түсу үшін емтиханға дайындалып жатқан жастар да бар.

Түркіменбашы қаласының әскери бөлімшесі 15 маусымда әскерге шақырылған жастарды алып кетпек. Ал мектеп бітіру емтиханы 18-22 маусым аралығында өтеді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кейбір мектептер емтихан күнін өзгертіп жатыр.

«Ер адамдардың армияға баруы маңызды деп шешкен болуы керек. Мектепті енді бітіргендерді әскерге алып кету үшін, емтихан 13 маусымда өтеді деп жазғызып жатыр», — дейді тілші.

Түркіменстанда әскерге шақыру мерзімі жылына екі рет жүреді: 1 сәуір мен 30 маусым аралығында және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында.

«Биыл Түркіменбашыда аудандық мектепті бітіргендер ішінде тек 50 бала ғана жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алды. Олар — мектепті күміс, алтын медальмен бітіргендер және түрлі олимпиадалық жарыстардың жеңімпазы болғандар. Тіптен оларға да емтиханнан құлайтын болсаңдар, бірден әскерге алып кетеміз деп ескерткен», — дейді аты-жөнін айтқысы келмеген жергілікті тұрғындардың бірі.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM