Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстанда парламент сайлауы өтті

KAZAKBOL.COM

Өткен жексенбіде Түркіменстанда парламент мәжілісіне, облыс, аудан, қала кеңесіне сайлау өтті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:00-ға дейін сайлаушылардың 91,12% дауыс берген.

Алайда Азаттықтың түркімен қызметі сайлауға көп адамның бармағанын хабарлайды.

Әлемдегі ең жабық елдердің біріндегі бұл сайлауға оппозициядан үміткерлер қатыспады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, жергілікті Халық мәслихатына 2516, жергілікті кеңеске 12098 үміткер қатысқан.

2020 жылы референдум қорытындысы бойынша Түркіменстан екі палаталы жүйеге өткен. Жоғарғы палата халық мәслихаты деп аталады.

2021 жылы жоғарғы палатаға сайлау өтіп, Гурбангулы Бердымухамедов оның төрағасы болып сайланған.

Бірақ биыл қаңтар айында Гурбангулы Бердымухамедовтің ұсынысы бойынша парламент қайтадан бір палаталы болып өзгеріп, Халық мәслихаты биліктің ең жоғарғы органы болып қалған.

Бердымухамедов “түркімен елінің ұлттық лидері» атанып, ол негізгі құқықтарға ие болып қалды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM