Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркия Қырғызстаннан ұрлап әкетілген Орхан Инандыға «террористік ұйым құрды» деген айып тақты


6 шілдеде Түркияның мемлекеттік «Анадолу» ақпарат агенттігі Орхан Инандыға террорлық ұйым құрды және жетекшілік етті» деген айып тағылғанын хабарлады. Сонымен бірге 2001 жылдан бері ФЕТО ұйымының Қырғызстандағы жауапты адамы болғаны анықталды деген мәлімет таратты.

Ақпаратта Инанды ByLock телефон тіркемесін пайдаланғаны, Түркиядан Қырғызстанға қашқан ұйымның мүшелеріне саяси баспана сұрағаны айтылған. Одан бөлек ұйымның жоғарғы дәрежелі 25 мүшесіне Қырғызстанның төлқұжатын заңсыз алып бергені анықталды деп жазылған.

Қырғызстан төлқұжатын алғандардың арасында Түркияда «террорлық ұйым құрды» бабымен іздеуде жүрген Мұстафа Өзжан мен Али Челиктің де есімдері аталған.

Орхан Инанды 1 маусымға қараған түні жоғалып кеткен. Оның жақтастары бірнеше рет акция өткізіп, биліктен табуын талап етіп келді.

Инанды 2012 жылы Қырғызстан азаматын алған. Ол сонымен бірге Түркия азаматтығынан да бас тартқан емес. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның қалай азаматтық алғанын зерттеп жатқанын хабарлады.

5 шілдеде түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Инанды Түркияға жеткізілгенін жариялаған.

Осыған байланысты Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Түркия елшісіне нота тапсырған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM