Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркия Өзбекстанға 200 мың дана Sinovac вакцинасын берді


Түркия үкіметі Өзбекстанға коронавирусқа қарсы қытай өндірген Sinovac вакцинасының 200 мың данасын жөнелтті.

Мәліметке қарағанда, вакциналар және фавипиравир препаратының 20 мың данасы Өзбекстанға 13 қазанда Стамбұл-Ташкент рейсі арқылы жеткен.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл жүк Ташкент пен Анкара арасында қол қойылған медициналық жәрдемге грант беру жөніндегі келісімге сәйкес келгенін мәлімдеді.

Sinovac Өзбекстанда коронавирусқа қарсы қолданылатын алтыншы вакцина болады. Осыған дейін өлкеге AstraZeneca (Ұлыбритания), ZF-UZ-VAC2001 (Қытай), Спутник V (Ресей), Moderna (АҚШ) және Pfizer / BioNTech (АҚШ/Германия) вакциналары жеткізілген. Бұдан бөлек Өзбекстандағы Jurabek Laboratories атты бірлескен кәсіпорын жақында ZF-UZ-VAC2001 және Спутник V вакциналарын өндіре бастағанын хабарлаған.

Өзбек билігінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі күнге дейін өлкеде вакцинаның жалпы саны 28 673 528 данаға жеткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM