Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркияда түркімен консулдығы қызметкерлері белсенділерді сабаған

KAZAKBOL.COM

Түркіменстандық белсенділер адвокаттардың және екі түрік құқық қорғаушының қолдауымен Түркіменстанның Стамбұлдағы консулдығына барып, президент Сердар Бердімұхамедовке ашық хат жолдауға әрекет жасады.

Адам құқықтары жөніндегі түркімен Хельсинки қоры мәлімдегендей, нәтижесінде оларды дипломатиялық корпус өкілдері сабап тастаған.

«Адвокат Гүлден Сөнмез және белсенділер күзетшіден хатты беру үшін қызметкерлердің бірін шақыруды сұраған. Сол кезде алты қызметкер шығып, оларды балағаттап, сабап тастаған», — деп жазды қор.

Құқық қорғау ұйымы дипломатиялық корпус өкілдері екі әйел мен үш ер адамды сабағанын айтады. Белсенді Атамурад Сапаров басынан ауыр жарақат алып, дәрігерге қаралған.

Түркімен мигранттарына құқықтық көмек берген түрік адвокаты Гүлден Сөнмез шілдеде Стамбұлдың Чаглаян сотына Түркіменстан билігіне, оның ішінде бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовке қарсы қылмыстық іс қозғау бойынша шағым тапсырған.

Түркияда тұратын түркіменстандықтар көп жылдардан бері мерзімі өтіп кеткен төлқұжаттарын жаңарта алмай, соның салдарынан Түркияда заңсыз жүруге мәжбүр. Ондағы түркімен консулдығы төлқұжаттарын жаңартудан бас тартып келеді.

Түркия билігінің ресми мәліметі бойынша, өлкеде жүз мыңға жуық түркіменстандық бар. Бірақ олардың көбінің құжаттарының мерзімі өтіп кеткендіктен, нақты санын айту қиын. Түркіменстан билігі болса, миграция бойынша ешқандай мәлімет жарияламайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM