Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркияда тұратын түркімен оппозиционерлеріне тез арада үшінші елге кетуді ұсынды

KAZAKBOL.COM

«Мемориал» құқық қорғау қоры Түркияда тұратын түркіменстандық оппозиционерлерге елден тез арада кетуді ұсынды. Кері жағдайда отанына депортациялануы мүмкін екенін ескертті.

Түркияда тұратын түркімен белсендісі Байрам Аллалыев құқық қорғаушыларға 25 түркімен азаматының аты-жөні жазылған полиция құжатын көргенін хабарлаған. Полиция өкілінің бірі осы аптада тізімдегі адамдарды тергеуге шақыратынын айтқан.

«Кімнің төлқұжатынің мерзімі өтпеген болса, үшінші елге кеткені дұрыс, қалғанын ұстап, Түркіменстанға депортациялаймыз», — деген полиция өкілі.

Осының алдында Түркіменстан билігін сынап жүрген түркімен белсендісі Дурсолтан Таганова Стамбулда ұсталды. Ол Түркіменстанға депортациялануы мүмкін.

Мәскеулік «Мемориал» құқық қорғау орталығының хабарлауынша, Таганова қазір Стамбулдағы депортация орталығында отыр. Құқық қорғаушылар ол Түркіменстанға депортацияланса қамауға алынып, азаптауға ұшырайды деп қауіптенеді.

Ақпараттарға сай, 26 қыркүйек таңертең Таганованың үйіне полицейлер келіп, құжатқа қол қою үшін бөлімшеге шақырған. Полиция келгенде Таганова үйінде болмаған. Ал полицияға барғанда оны ұстап, изоляторға қамағаны хабарланды.

2020 жылы шілдеде Таганова мен ондаған түркіменстандық Стамбулдағы Түркіменстан консулдығы алдында авторитар президент Гурбангулы Бердімұхамедовке қарсы наразылық өткізбек болғанда ұсталған. Кейін ұсталғандардың көбі босатылып, Таганова қамауда қалған. Түркия билігі оны Түркіменстанға депортациялауға талпынған еді. Қазан айында 11 құқық қорғау ұйымы түрік билігінен оны депортация жасамауды сұраған соң белсенді қамаудан босатылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM