Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тұтқын алмасу: Украина 100, Ресей 106 жауынгерді қайтарды

KAZAKBOL.COM

Дүйсенбіде Украина мен Ресей кезекті рет соғыс тұтқындарын алмасты. Украинаға 100, Ресейге 106 тұтқын қайтты.

Ресей қорғаныс министрлігі 106 тұтқын әскери-көлік авиациясымен Мәскеуге жеткізілетінін хабарлады. Олар қорғаныс министрлігінің медицина мекемелерінде емделіп, сауықтырылады.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Украинаның 100 жауынгері үйіне оралғанын хабарлады. Тұтқынға түскендердің кейбірі жараланған, ауру-сырқауы да бар. Оларға медициналық көмек беріледі.

Наурыздың аяғында Украина ауыр жараланған, алып жүруге жарайтын бес тұтқынды Ресейге бергенін хабарлаған. Халықаралық құқық нормалары бойынша, ауыр жараланған және ауыр дертке шалынған адамдар айырбасталмайды, оларды еліне ешбір шартсыз қайтарады.

Ақпанның басында Украинадағы әскери қызметкерлердің құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл Алёна Вербицкая Ресейде 3 мыңнан астам адам тұтқында отырғанын мәлімдеген. Бейбіт адамдарды қоса алғанда, барлығы 15 мың адам хабар-ошарсыз кеткен. Ресей өзінің тұтқынға түскен солдаттары туралы мәлімет жарияламай отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM