Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәліптер ауған-тәжік шекарасында бір босқынды өлтірді

KAZAKBOL.COM

«Талибан» содырлары ауған-тәжік шекарасынан өтуге талпынған бір босқынды өлтірді. Хожи Бобо есімді тағы бір босқынды тәліптер ұстап алып кетті.

«Талибан» өкілдері мен Бадахшан провинциясының билігінен осы оқиғаға қатысты сауалдарға жауап алу мүмкін болмады.

Дереккөз мәліметінше, Тәжікстанның Ишкашим ауданының шекарасына Ауғанстанның солтүстік аудандарынан шамамен 2 мың босқын жиналып қалды. Олар осы маңға шамамен бір ай бұрын келген. Бірақ тәжік шекарашылары оларды ел аумағына жібермеу жөнінде нұсқау алды. Енді босқындар сусыз, тамақсыз, дәрісіз қиналып жатыр.

Ауған босқындарының бірінің 2 қазанда Озоди радиосына хабарлауынша, «Талибан» шекара маңындағы босқындардан тұрғылықты мекеніне оралуды талап еткен. Әйтпесе қатаң жаза қолданылады, деп ескерткен тәліптер.

«Содырлар адамдарды күшпен жүк келіктеріне тиеп, Кабулға қайтауға мәжбүрлеп жатыр. Содырлар олардың арасынан панжшерліктерді іздестіріп жүр. Бір жігітті ұстап әкетті. Ол бұрын әскерде қызмет еткен», деді босқын.

Содырлар жақында бұл ауданға «Талибанның» жаңа жасағы келетінін айтқан. «Бұл топ босқындарды Тәжікстанмен шекарадан алып кетумен айналысатын секілді», деп топшылады босқын.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM