Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәліптер Etilaatе Roz газетінің екі журналисін аяусыз сабаған

KAZAKBOL.COM

«Талибан» қозғалысының содырлары Etilaatе Roz газетінің екі журналисін Кабулда әйелдердің наразылық акциясынан хабар таратқаны үшін аяусыз сабаған. Бұл туралы Reuters басылымның бас редакторына сілтеме жасап хабарлады.

Содырлар репортаж дайындап жүрген журналистер Немат Накди мен Таки Дариабиді ұстап, одан соң оларды қамшымен сабаған.

Etilaatе Roz газетінің негізін қалаушы әрі бас редакторы Заки Дариаби екі тілшінің суретін әлеуметтік желілерде жариялады. Екеуінің де денесінде қызарған іздер қалған.

«Бес әріптесті қамау орталығында төрт сағаттан астам уақыт ұстап, екі тілшіні төрт сағат бойы сабаған, аяусыз азаптаған», — деді редактор.

Журналистер ауруханаға түсті.

Өткен айда тәліптер Ауғанстанның батысында Deutsche Welle журналисінің бір жақын туысын өлтіріп, тағы біреуін жаралады. Медиакомпания басшылығының мәліметі бойынша, содырлар журналистің өзін іздеген. Бұл уақытта ол Германияда болған. Журналистің туыстары содырлардан тығылуға мәжбүр болған. Мәліметтерге қарағанда, Кабул маңында тәліптер медиакомпанияның кем дегенде үш қызметкерінің үйін тінтіген.

Тәліптер 7 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарына Ауғанстандағы наразылық акцяларынан хабар таратуға тыйым салатынын мәлімдеді. Қозғалыс өкілі Забихулла Муджахид журналистерді митингілерден аулақ жүруге үндеді. «Бұл акциялар заңсыз, БАҚ оларды түсірмеуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдарынан наразылықтан хабар таратпауын сұраймыз», — деп мәлімдеді ол.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM