Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәліптер Мазари-Шариф темір жолына қызмет көрсету үшін қазақстандық компаниямен келісімге келді

KAZAKBOL.COM

«Талибан‎» қозғалысы Хайратон – Мазари-Шариф темір жолына қызмет көрсету үшін қазақстандық Mansour Fatih компаниясымен келісімге келді. Бұл жөнінде Tolonews телеканалы хабарлайды.

Хайратон – Мазари-Шариф темір жолы Өзбекстан мен Ауғанстанды байланыстырады. Темір жолдың 75 шақырым жері 2010 жылы Азия даму банкі қаржысына салынған. Темір жолға Өзбекстанның «Узбекистон темир йуллари» компаниясының еншілес кәсіпорны «Согдиана Транс» қызмет көрсетіп келген.

2011 жылы қол қойылған келісімге сәйкес, «Согдиана Транс» 22 шақырым пойыздың жолына қызмет көрсету үшін жылына 15 млн доллар алып келді. Енді Mansour Fatih қазақстандық компаниясы пойыз жолдың 106 шақырым жеріне қызмет көрсетіп, жылына 4,1 млн доллар алатын болады.

Осылайша тәліптер темір жол қызметіне үш есе аз төлейтін болады.

2020 жылы Ауғанстанда «Согдиана Транс» компаниясының қызметкеріне шабуыл жасалған. Оның оққағары қаза болып, өзбекстандық азамат жараланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM