Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәртіп сақшылар пошта жөнелтілімдеріне тексеру жұмыстарын жүргізуде

KAZAKBOL.COM

Қала аумағына есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында, Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері ұдайы түрде бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Кезекті іс-шара Шымкент қаласында орналасқан «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының пошта сұрыптау-тасымалдау басқармасында жүргізілді.

Аталған мекеменің цехінде Кинологиялық қызмет орталығының «Айрон» және «Нона» атты қызметтік иттерінің қатысуымен өткен тексеру, пошта жөнелтілімдері арасында есірткі контрабандасын, сондай-ақ өзге де заңға қайшы заттарды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесуге бағытталды.

Атап өту қажет, аталған тексеру жұмыстары «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімі мен Шымкент қаласының Полиция департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM