Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік қаржы министрлігі: тәжік-қырғыз шекарасында зардап шеккендерге көмек есебіне ақша түспеді


Тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалдан зардап шеккендерге көмектесу үшін ашылған банк есебіне ақша түспеді. Тәжікстанның қаржы министрлігі осылай деп хабарлады.

Министр Файзиддин Каххорзода 2 тамызда Душанбеде баспасөз конференциясын өткізіп, зардап шеккендерге көмек есебі ашыла салысымен халықаралық қайырымдылық ұйымдарынан көмек сұрағанын айтты.

Банк есебінде қанша ақша бар деген сауалға министр дұрыстап жауап бермеді. Министрдің орынбасары Жамшед Каримзоданың айтуынша, бұл есепке ақша түспеген.

Биыл 5 мамырда фейсбуктегі «Ахбор барои афкор» тобы мен Нью-Йорктегі «Насли навини тоҷикон» орталығы шекарадағы жанжалда зардап шеккендерге көмек есебі ашылғанын хабарлаған.

Ертесіне Тәжікстанның ішкі істер министрлігі қаржы министрлігінің ресми банк есебін жариялап, әлеуметтік желілердегі күмәнді есептерге ақша аудаурмауын сұрады. 11 мамырда Тәжікстанның ұлттық банкі де осы тәріздес мәлімдеме таратқан.

Азаматтық белсенділер қаржы министрлігінің ресми банк есебі ашылғанын естіп, гуманитарлық көмекке ақша жинауды тоқтатқан.

Үш ай өткенде қаржы министрлігі банк есебіне ақша түспеді деп отыр.

Алайда, қаржы министрі Файзиддин Каххорзоданың айтуынша, үкімет зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсеткен, қираған үйлерді қайта тұрғызған.

Биыл 28-29 сәуірде тәжік-қырғыз шекарасында болған қарулы жанжал салдарынан ондаған адам қаза болып, ондаған үй қирады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM