Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыс кезінде қайтыс болғандардың отбасы: билік уәдесін орындамады

KAZAKBOL.COM

Қырғыз-тәжік шекарасында үш ай бұрын болған қақтығыс кезінде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Абдулатиф Шарифовке оқ тиіп, қайтыс болған. Марқұмның туыстары билік берген уәдесін орындамай келеді дейді.

Олардың айтуынша, жергілікті билік өкілдері туыстарына Шарифовтің 60 айлық еңбекақысын беруге уәде берген. Сонымен бірге балаларына жер беріп, сол көшені марқұмның атымен атаймыз деген.

Абдулатиф Шарифов 27 қаңтар күні Хожа ауылының тұрғындарына көмектесіп жатқан кезде, оқ тиіп қайтыс болған. Өзі бірнеше жаралы адамды ауруханаға жеткізіп үлгерген.

Марқұм жұмыс істеген Исфарадағы орталық аурухананың бас дәрігері Таиббидин Мухаммедов марқұмның туыстарына берген уәдемді ұмытпадым дейді.

Ол марқұмның балаларына жер бөлу өтінішімен әкімнің алдына кіргенін айтты. Шарифов 2017 жылдан бері жер кезегінде тұрған екен.

Үш ай бұрын тәжік-қырғыз шекарасында болған қарулы қақтығыс кезінде Тәжікстан тараптан екі адам қайтыс болған. 50-ге жуық үйге зақым келген.

Осы материал жазылып жатқан кезде, Исфара әкімі Баховаддин Баходурзода журналистерге Абдулатиф Шарифовтың отбасына жер бөлінгенін хабарлады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM