Шекаралас аймақтардағы жағдайды Баткен облысының басшысы бақылап отыр. Ак-Сай ауылында, Ак-Суу өзеніндегі су айыру орталығы орналасқан елді мекенде жағдай тұрақты. Баткен облысының баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.
Дегенмен, екі елдің қақтығыс болған жерге жиналған азаматтары әлі тарамаған.
«Баткен облысының басшысы Омурбек Суваналиев пен Тәжікстанның Соғды облысының басшысы Раджоббой Ахмадзода келіссөздер жүргізіп жатыр», — деп хабарлады облысы әкімдігі.
Баткенде облыстық штаб құрылған, күш құрылымдары Ак-Сай, Ак-Татыр, Самаркандек айылдарында күшейтілген қызметке көшті.
Жергілікті басшылықтың мәліметінше, шекарадағы қақтығыстан Қырғызстанның төрт азаматы зардап шекті, оларды үшеуіне тас, біреуіне оқ тиген. Олар ауруханада жатыр.
Ош-Баткен-Исфана жолының Торт-Кочо елді мекені арқылы өтетін тұсы жабылды. Екі жақ келіссөз жүргізіп жатыр.
Қырғызстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, «Тәжікстанмен шекарадағы жағдай басылмады», сол себепті милиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді.
28 сәуірде Баткен облысының Кок-Таш ауылы маңында екі елдің тұрғындары қақтығысып қалды. «Головной» су айыру орталығы аумағына шамамен 100-150 адам жиналды. Олар бір-біріне тас лақтырған.
KAZAKBOL.COM