Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәжік үкіметі «Мәңгүрт. Реквием» қойылымына тыйым салды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан мәдениет министрі Душанбеде «Мәңгүрт. Реквием» қойылымын көрсетуге не себепті тыйым салғанын түсіндірді. Шыңғыс Айтматов романының желісімен дайындальған спектакльді танымал тәжік режиссері Барзу Әбдураззақов ұсынған.

Министр Зульфия Давлатзода режиссер «шығармадан тым ауытқып, оның мазмұнын бұзып жіберген» деді, бірақ нақты мысал келтірмеді. Танымал тәжік режиссері Барзу Әбдураззақов ресми хат алғанын, бірақ министрлік ұстанымымен келіспейтінін айтты.

Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ түн» романының желісімен қойылған «Мәңгүрт. Реквием» спектаклінің тұсаукесері 20 мамырда «Падида» театрының сахнасында өтуі тиіс болған. Алайда 19 мамырда билік оған тыйым салып, қойылымды әуелі шығармашылық кеңес мақұлдауы тиіс екенін айтқан.

Тәжікстан мәдениет министрінің мәлімдеуінше, шығармашылық кеңес биыл маусымда қойылымды қарап, оны мақұлдамаған.

«Режиссер шығарма авторы Шыңғыс Айтматов жазғандарынан бас тартып, оған өзінің сөздерін қосқан, сөйтіп мазмұнын бұрмалаған. Мұндай түрдегі және мазмұндағы спектакль елдің қазіргі ішкі және сыртқы саясатына сай келмейді, сонымен бірге өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу мақсатына да қайшы, яғни оны шығармашылық кеңес мақұлдамады», — деп түсіндірді Зульфия Давлатзода.

Барзу Әбдураззақов 12 шілдеде Озоди радиосына берген сұхбатында Шыңғыс Айтматов шығармасының мазмұнын өзгертпегенін, бірақ ондағы орта мен кейіпкерлерді қазіргі тәжік қоғамына сай бейімдегенін айтқан.

«Біз шығарманы Тәжікстандағы жағдайға сай бейімдеп, тәжік әйелі мен оның ұлы — мәңгүрттің трагедиясы туралы сюжет дайындадық. Біз саясатқа тиіспедік. Біз тәжіктің ұлт ретінде қалыптасу тақырыбын қозғадық. Мәңгүрттені — халқымыздың ең маңызды мәселелерінің бірі деп түсінемін. Ал енді қойылым елдің ішкі және сыртқы саясатына сай емес дегені, орыстар ренжіп қала ма деген қауіптен шыққан секілді», — дейді режиссер.

«Мәңгүрт. Реквием» — режиссер Барзу Әбдураззақовтың Тәжікстанда біраз жылға созылған үзілістен кейінгі алғашқы қойылымы. Ондағы кейіпкерлерді жас әртістер сомдауы керек болған, олардың арасында жақында ұсталған блогер Далери Имомали де бар.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM