Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік-ауған шекарасын атты әскер қорғайды


Тәжік шекарашыларына Ауғанстанмен шекараны қорғау үшін 18 ат берілді.

Атты әскер Шамсиддин Шохин ауданындағы таулы аймақтарды күзетеді.

Бұрындары Ауғанстанның есірткі сатушылары шекараның осы аймағын жиі пайдаланған. «Шекараның кейбір учаскелерін машинамен күзету мүмкін емес. Әзірге таулы аймақтарды күзету үшін 18 ат алдық. Тағы бірнеше ат бөлуге уәде берді, сол кезде атты әскер ұлғаяды», — дейді Озоди радиосына шекарашылардың бірі.

Совет заманында Ауғанстанмен шекараның кейбір учаскесін атты әскер күзеткен.

Тәжікстан билігі Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдап отыр. Бұның алдында тәліптерден қашқан ауған жауынгерлері Тәжікстан аумағына өтуге мәжбүр болған. Душанбе Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымынан шекараны нығайтуға көмектесуін сұраған. Ресми мәлімет бойынша, «Талибан» қозғалысы Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасының шамамен үштен екісіне бақылау орнатқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM