Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік мигранттарының құқығын қорғаушы Иззат Амонның ісі сотқа берілді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда алаяқтық жасады деген күдікпен тергеу абақтысында отырған құқық қорғаушы Иззат Амонды оған қарсы арыз жазған екі адаммен беттестірді. Бұл туралы Озоди радиосына Саидбурхон Шарифов мәлімдеді.

«Иззат Амон ол адамдардан 200 мың сомони (9 мың доллардан астам) алғанын растады. Бұдан кейін беттестіру болмайды. Тергеу ісі аяқталды, жақын күндері іс сотқа өтеді», — деді адвокат.

Құқық қорғаушының ұлы Махмадюсуф Холов әкесі арыз жазған адамдардың біріне 120 мың сомони, екіншісіне 80 мың сомони беруі керек екенін мәлімдеді. «Олар әкемнің бұл ақшаны адвокаттық қызмет үшін алып, бірақ ешқандай жәрдем бермегенін айтып жатыр», — дейді ол.

Адвокат арыз жазғандардың бәрінің ақшасы қайтарылғанын, енді тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жарияланатын рақымшылыққа ілінеді деп үміттенетінін айтады.

Осыған дейін «Азия-Плюс» агенттігі тәжік билігіндегі дереккөзіне сүйеніп, Тәуелсіздік күні (9 қыркүйек) қарсаңында 25 мыңнан астам адамға рақымшылық жарияланатынын хабарлаған.

Мәскеуде тәжіктер орталығын басқаратын Иззат Амон биыл наурыз айында Ресейден Тәжікстанға депортацияланған. Тәжік билігінің мәліметіне қарағанда, оған қарсы 12 адам ақшамызды алып қайтармады деп арыз жазған.

Амонның жақтастары болса, ол Тәжікстан үкіметін сынап келгеннен кейін, ұсталғанын айтып отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM