Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік студенттері Душанбедегі Қырғызстан елшілігі алдында пикет өткізді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның жоғары оқу орындарында оқитын бір топ тәжік студенттері Душанбедегі қырғыз елшілігі алдында пикет өткізді. Оларға Бішкекке кіруге рұқсат бермей жатыр.

Студенттердің сөзінше, бір жағынан Қырғызстанмен шекара жабық, екінші жағынан елінде өз мамандықтары бойынша білім алуға рұқсат бермеген. Биыл мамыр айында Қырғызстан шекарасын жапқан.

Қырғыз медицина университетінің 5-курс студенті Машрафи Мухаммадюсуф Бішкекке барып оқуын жалғасыра алмай жүр.

«Егер жақын уақытта сабаққа бармасақ, бізді оқудан шығаруы мүмкін. Қырғызстанда білім алу үшін жыл сайын 12-13 мың сомони төлеп келеміз. Маған диплом алу үшін әлі екі жыл оқуым керек. Егер мәселе шешілмесе, осыған дейінгі алған білімім зая кетпек», — дейді Машафи Мухаммадюсуф.

Қырғызстан елшілігі алдына жиналған өзге де студенттер осындай жағдайын айтады.

Қырғызстанның білім министрлігі бұл мәселені шешуді қарастырып жатырмыз деп мәлімдеді. Олар тәжік студенттерін елге кіргізу жөнінде арнайы жоба әзірлеген. Оны қазір үкімет қарап жатыр.

Биыл мамыр айында қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болып, екі тараптан да ондаған адам қайтыс болды. Қырғызстан шекарасын біржақты жапты.

Тәжікстанның білім министрлігінің мәліметінше, Қырғызстанда 2 мыңнан астам тәжік студенті білім алады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM