Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан ЕҚЫҰ-ны іс-шараларына «қылмыскерлерді» қатыстырмауға шақырды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның бас прокуратурасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын іс-шараларына «қылмыскерлерді» қатыстырмауға шақырды.

Бас прокуратураның мәлімдемесінде ешкімнің аты-жөні, ешқандай ұйым аталмаған. Бірақ бұның алдында ресми Душанбе Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өркендеу партиясы мен «Группа 24» өкілдерінің ЕҚЫҰ шараларына қатысқанына наразы болған.

Ұйымның прокуратура өтінішіне қалай жауап бергені әзірге белгісіз. Алайда бас прокуратура ЕҚЫҰ басшылығы болашақта Тәжікстанға арнайы сапармен келетінін хабарлады.

Бес жыл бұрын Тәжікстан үкіметінің делегациясы ЕҚЫҰ-ның Варшавадағы саммитінен шығып кеткен. Өйткені ол жиынға тәжік оппозициясы да қатысқан.

2015 жылдан бастап Тәжікстанның жүздеген азаматы Еуропа елдеріне саяси баспана іздеп барды. Олардың арасында тыйым салынған Ислам өркендеу партиясы мен «Группа 24» қозғалысының өкілдері, журналистер, кәсіпкерлер, адам құқықтарын қорғаушылар, түрлі діни ағымдардың өкілдері бар.

Тәжікстан билігі олардың бірқатарын тыйым салынған ұйымға қатысты деп айыптады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM