Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан мен Қырғызстан көрші елдің төлқұжаты барларды депортациялап жатыр


Қырғызстан билігі бірнеше күннің ішінде тәжік төлқұжаты бар 42 азаматты елден депортациялаған. Олардың дені – Тәжікстанның Лахш ауданында тұратын қырғыздар және Қырғызстанның жоғары оқу орындарында оқитын студенттер.

Лахш ауданының төрағасы Файзулло Баротзода тәжік-қырғыз шекарасында депортацияланғандарды күтіп алғанын айтты. «Олардың бәрі коронавирус бар-жоғын анықтайтын тесттен өтті. Қазір үйлерінде жүр. Арасында балалы отбасы болды, қалғандары студенттер екен. Бесеуінің қос азаматтығы бар», деп хабарлады аудан басшысы.

Лахш ауданы билігінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар Қырғызстаннан 3, 4 және 6 мамырда депортацияланған.

Қырғызстан билігі Тәжікстанның Лахш ауданының тұрғындарын елден шығару себебін түсіндірмеді. Азаттық радиосы қырғыз қызметінің Қырғызстан үкіметіндегі дереккөздің айтуынша, депортация коронавирусқа қатысты карантинмен байланысты болуы мүмкін.

Тәжік студенті ​Фируз Немаровтың Озоди радиосына хабарлауынша, оны пандемияның ушығып кетуіне байланысты үйге қайтарған. «Бізге эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаннан кейін ғана қайта оралуға болатынын ескертті», дейді студент.

Бұл уақытта, Eurasia Today, АкиПресс және 24.kg басылымдары Тәжікстан Лахш ауданының қырғыз төлқұжаты бар азаматтарын депортациялағанын хабарлады. 24.kg басылымының мәліметіне қарағанда, төлқұжат ауыстырудан бас тартқандарды ғана депортациялап жатыр.

«Айта кету керек, ешқандай қысым жоқ. Қырғызстан азаматтарын әкімдікке шақырып, қырғыз паспортын бір айда тәжік паспортына өзгертуін сұрайды. Көбісі келісіп, Тәжікстанда қалып жатыр. Келіспегендерден елден кетуін сұрайды. Бірақ Тәжікстанның шекара әскері олардың балаларын шығармайды, өйткені балалардың тәжік құжаттары бар. Балаларын Тәжікстанда қалған ата-әжесіне тапсырып кеткенін бүгін ғана білдік», — дейді Тәжікстаннан кету туралы шешім қабылдаған азаматтың бір туысы.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Лахш ауданында этникалық қырғыздарға төлқұжат бақылауы күшейген деген мәліметті жоққа шығарды.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Тәжікстаннан Қырғыз азаматтары депортацияланғанынан хабардар екенін мәлімдеді.

Кейбір деректерге қарағанда, Лахш ауданынын жүзге жуық тұрғыны Қырғызстан азаматтығынан бас тартса, шамамен осыншама азамат Тәжікстан азаматтығынан бас тартқан.

Лахш ауданын Тәжікстанның шығысында орналасқан. Аудандағы 57 мың тұрғынның 30 мыңнан астамы – қырғыз.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM