Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан президентінің туыстары анасының өлімі үшін денсаулық министрін сабаған

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның үш немере інісі дәрігерлер мен шенеуніктерді ұрып-соққан. Арасында денсаулық сақтау министрі де бар. Бұл жөнінде Азаттықтың тәжік қызметінің дереккөзі хабарлады.

Оқиға 20 шілдеде орын алған, сол күні тәжік президентінің туған қарындасы Курбонби Рахмонова COVID-19 вирусынан көз жұмған.

Соққыдан денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жамолиддин Абдуллозода мен мемлекет басшысы аппараты жанындағы медициналық орталық жетекшісі Холмахмад Рахимзода зардап шеккен.

Билік денсаулық сақтау министрінің соққыға жығылғаны жөнінде пікір білдірмеді.

Тәжікстан президентінің туған қарындасы, 64 жастағы Курбонби Рахмонова 20 шілдеде ауруханада көз жұмған. Оны емдеуге Германия, Ресей және Өзбекстаннан білікті мамандар шақырылған.

Ол көз жұмардан екі сағат қалғанда, шетелдік дәрігерлер емдеу тәсілі дұрыс емес екенін айтқан. «Бұл оның балалары Фахриддин, Фаррух және Зиёдали Сафаровтардың ашу-ызасын туғызды. Бірден шенеуніктерді бас салып, ұрды. Оларды президенттің үлкен ұлы Рустам Эмомали сабырға шақырған», — дейді дереккөз.

Денсаулық сақтау министрі бәрінен қатты соққы алған. Иығынан жарақат алған.

Денсаулық сақтау министрі АҚШ-тың Тәжікстанға 1,5 миллион дана Moderna вакцинасын беру шарасына қатыспады.

Президенттің қарындасын 21 шілдеде жерлеген. Оның өлімі жөнінде ресми хабарланбады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM