Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстандағы жеті ірі кәсіпорын 2022 жылды шығынмен аяқтаған

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан қаржы министрлігінің хабарлауынша, елдегі жеті ірі компания 2022 жылды шығынмен аяқтаған.

Министрлік 21 кәсіпорынның былтырғы жұмысын тексеріп жатыр. Тәжікстан қаржы министрі Файзиддин Каххорзоданың айтуынша, кәсіпорындар жұмысын тексеру әлі толық аяқталмаған.

2022 жылды шығынмен аяқтаған кәсіпорындар арасында «Барки Точик» энергетика холдингі, «Тәжік алюминий» кәсіпорыны, «Тәжік эйр», «Тәжіктрансгаз», «Алюиминсохтмон» кәсіпорыны бар. «Бұл тізімге «Рогун ГЭС-і» қосылды, бірақ қосымша сараптама жүргізу қажет. Алайда, қолда бар мәліметтерге қарағанда, жеті кәсіпорын шығынға батқан», — дейді министр.

Сарапшы Мирхусейн Назриевтің пікірінше, мемлекеттік кәсіпорындардың шығынға батуының бір себебі — жемқорлық. «Электр қуатына қатысы бар кәсіпорын жемқорлық кесірінен ғана шығынға ұшырауы мүмкін. Компаниялар электр қуатын жеңілдікпен алады, ал халық оны қымбатқа сатып алуға мәжбүр» , — дейді сарапшы.

Холдинг өкілдері қарыз туралы нақты мәлімет бермей отыр. 2020 жылы Тәжікстан үкіметі «Барки Точик» холдингінің 5 млрд сомони ($440 млн) қарызын кешірген. Бірақ содан бері қарыз тағы көбейген болуы мүмкін.

«Барки Точик» былтыр 16 млрд кВтс электр қуаты өндірілгенін хабарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM