Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда «алтын» рақымшылық жарияланады

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон парламенттің төменгі палатасына «Рақымшылық туралы» заң жобасын ұсынды.

Рақымшылық Тәжікстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланады. Республикада тәуелсіздік күні 9 қыркүйекте тойланады.

Заң жобасына сәйкес, 16 мың адам рақымшылық алады: 10 700-і қылмыстық жауапкершіліктен босайды, 5300 адамның жаза мерзімі қысқарады.

Мәліметтерге қарағанда, рақымшылық беру кезінде әйелдерге, кәмелет жасқа толмағандарға, 55 жастан асқандарға, мүгедектерге, ауруы ауырларға, мемлекет сыйлығын алғандарға, соғысқа қатысқандарға, сонымен бірге шетел азаматтарына басымдық беріледі.

Еске салайық, Тәжікстанда 2019 жылы Конституцияның 25 жылдығына орай қабылданған рақымшылық туралы заңмен 7 мың адам түрмеден шыққан.

Ресми статистикаға сәйкес, Тәжікстанда 19 түрме бар. 2019 жылы рақымшылық туралы заң қабылданар алдын оларда 13 мың адам отырған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM