Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда банкирді ұрлағандарды анықтағандарға 30 мың доллар сыйақы тағайындалды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның бас прокуратурасы «Ориёнбанк» төраға орынбасары Шухрат Исматуллоевтың ұрлануына байланысты қылмыстық іс қозғады.

ІІМ Исматуллоевты ұрлаған адамдарды анықтауға көмектескендерге 30 мың доллар сыйақы беретінін мәлімдеді.

Ресми мәлімет бойынша, банкирді 23 маусымда кешкісін Исмоили Сомони ауданында белгісіз біреулер ұрлап әкеткен. ІІМ таратқан мәліметке қарағанда, оны Hyundai Sonata көлігіне күшпен отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Күдіктілер көлікке жалған нөмір пайдаланған.

Озоди радиосының дереккөзіне қарағанда, банкирді ұрлау алдын ала ұйымдастырылған. Қара түсті Hyundai Sonata көлігі үйінің жанында сағат 15.00-тен бастап күтіп тұрған.

49 жастағы Шухрат Исматуллоев «Тәжік эйр» әуе компаниясының бұрынғы бас директоры Дилшод Исматуллозоданың туған бауыры, президент Эмомали Рахмонның күйеу баласы Хасан Асадуллозодаға ең жақын адамдардың бірі.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM