Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда ислам партиясының бұрынғы мүшесі қамалды


Тәжікстанда Исламның қайта жаңғыруы партиясының бұрынғы мүшесі, дәрігер Мирзо Хожимухаммад (Мирзокул Хожиматов) қамалды. Бұл туралы оның адвокаты Абдусалом Дадобоев хабарлады.

Адвокаттың сөзінше, Хожимухаммад «Экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру» айыбымен 22 мамырда ұсталып, тергеу абақтысына қамалған. Ол бұл бап бойынша кінәлі деп танылса, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әзірге тәжік билігі бұл іс бойынша түсініктеме бермеді.

Тәжікстан және Ресей азаматтығы бар 63 жастағы Мирзо Хожимухаммад кезінде Исламның қайта жаңғыруы партиясының Соғды облыстық филиалын басқарған. Туыстарының айтуынша, ол 2015 жылы партия қатарынан өз еркімен шыққан. 2017 жылға дейін Ашт аудандық ауруханада дәрігер болып жұмыс істеген.

2019 жылдан бері Ресейдің Тюмень облысында тұраған Хожимухаммад биыл ақпанда туыстарымен көрісу үшін Тәжікстанға келген. Көп өтпей оған қарсы қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды.

Мирзо Хожимухаммадтың туыстары оған тағылған айыптарды негізсіз деп оның босатылуын талап етеді.

Тәжікстанның Жоғарғы соты 2015 жылдың күзінде Исламның қайта жаңғыруы партиясын экстремистік деп танып, өлке аймағында оның қызметіне тыйым салған. Содан бері Тәжікстанда партияның жүздеген белсенділері мен мүшелері ұзақ мерзімге сотталды.

Билік партияны қорғаныс министрінің орынбасары болған Абдухалим Назарзодамен құпия байламға келіп, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптайды. Партия жетекшілері болса бұл айыптауларды теріске шығарып келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM