Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда коронавирус жұқтырғандар 14 мыңға жетті

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда COVID-19 жұқтырғандар 14 мың адамға жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің 15 шілдеде хабарлауынша, өткен тәулікте елде тағы 42 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.

Министрлік коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болғанын, пандемия басталғалы бері COVID-19-дан 110 адам көз жұмғанын хабарлады. Билік 13 631 адамның коронавирустан емделіп шыққанын мәлімдеді.

Сарапшылар мен тұрғындардың дені ресми статистикаға күмәнмен қарайды.

Бұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус әлемде COVID-19-дың үшінші толқыны басталғанын мәлімдеген. Оның үндеуі ұйымның ресми сайтында жарияанды.

Оның айтуынша, әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны төрт апта бойы тоқтаусыз өсіп келеді. Сонымен бірге өлім көрсеткіші де өскен.

«Дельта» штаммы әлемнің 111 еліне тарады, жақында ол барлық жерге жайылады», – деді ДДСҰ басшысы.

Гебреисус табысы аз елдерге вакцина жеткізуді көздейтін COVAX бағдарламасының ауқымы тым аз екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін COVAX бойынша вакцинаның 100 миллион дозасы ғана таратылған.

Тәжікстан COVAX бағдарламасы аясында вакцина алды.

Әлемде пандемия басталғалы бері 188 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдығып, төрт миллионнан астам науқас қайтыс болды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM