Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда Сириядан қайтарылған балаларды туыстарына беруге уақытша тыйым салынған


Иракта соғыс аймағынан әкелінген балаларға туыстарымен кездесуге уақытша тыйым салынды. Бұл жөнінде Тәжікстанның Балалар құқығы бойынша уәкілі Мижгоан Бобожонзода хабарлады.

Оның сөзінше, екі жыл бұрын әкелінген балалар мектеп-интернатта оқып жатыр. Бірақ олардың қашан туыстарына берілетіні белгісіз.

«Қазір тиісті мекемелер бұл мәселені шешіп жатыр», — деді Мижгоан Бобожонзода.

Құқық қорғаушы Үмүт Бобозода балалардың мемлекет қамқорлығында болғаны жақсы дейді.

«Балалар соғыс жүрген аумақтан келді. Олардың басынан көп қиындық өтті. Олар тәжік тілін білмейді. Қазір үйреніп жатыр», — деді ол.

Расталмаған ақпарат бойынша, балалар туыстарына Тәуелсіздік мейрамынан кейін қайтарылады.

2019 жылдың 30 сәуірінде Ирактағы соғыс аймағынан 84 тәжікстандық жеткізілген.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 9 сәуірде Сириядан 500 тәжікстандық әйел мен бала қайтарылғанын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM