Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда тыйым салынған ислам партиясы БҰҰ-ға шағымданды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда тыйым салынған «Исламның қайта жаңғыруы» партиясы БҰҰ-ға өтініш жасап, Ресейдің партияны террористік ұйым қатарына енгізуіне қарсылық танытуын сұрады.

11 тамызда партия басшысы Мухиддин Кабири БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутеррешке хат жазып, Ресейдің мұндай шешім қабылдауына қарсылық танытуын сұрады. Оның айтуынша, бұл шешім Тәжікстанда бейбітшілік және ұлттық келісімді орнатуға қарсы келеді.

Ислам партиясының лидері егер Ресей ұйымды террористік деп таныса, ондағы жақтастары жаппай қудаланады деп қауіптенеді.

БҰҰ әзірге ислам партиясының үндеуіне жауап бермеді.

26 шілдеде Ресейдің бас прокуроры Игорь Краснов Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу кезінде Ресейдің ислам партиясын террористік ұйым деп тану мәселесін қарастырып жатқанын жеткізген.

Тәжікстанның өтінішіне қарамай, ТМД елдері, оның ішінде Ресей жеті жылдан бері «Тәжікстандағы Исламның қайта жаңғыруы» партиясына қатысты шешім қабылдаған емес.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM