Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда жарық ақысын төлемегендер арасында Рахмон туыстары да бар

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан президенті Эмомал Рахмонның құдасы, байланыс қызметінің басшысы Бег Сабурдың туыстарына тиесілі сегіз компания, кәсіпорын мен шаруашылық электр қуаты ақысын төлемеген. Қарыз туралы құжат көшірмесі Азаттықтың Тәжік қызметі редакциясына жолданған.

Кәсіпкерлердің электр қуатына қарызы 2 млн 600 мың сомониден ($250 мың) асып кеткен.

Олардың арасында «Комил-2010» құрылыс компаниясы, «Чинор» қонақ үйі, аяқ киім фабрикасы, колледж және басқа да кәсіпорындар бар. «Комил-2010» компаниясына Бег Сабурдың 30 жастағы Сиёвуш Зухуров жетекшілік етеді.

Куляб билігі мұның алдында «Комил-2010» компаниясының салық пен электр қуаты ақысын төлемегенін хабарлаған. Жергілікті билік Бег Сабур ұлының компаниясы көп қабатты үйді дұрыс салмады деп те айыптаған.

Бег Сабур байланыс қызметін 2011 жылдан бері басқарып келеді. Алайда оның ұлы елдегі тұрғын үй құрылыстарымен белсенді түрде айналысып жүр.

«Тәжікстанның лауазымы жоғары шенеуніктері қызмет бабын асыра пайдаланып отыр. Қазынаны толтыруы тиіс ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бәрі президент отбасына тиесілі. Сол себепті Тәжікстанда мемлекеттік бюджетті толтыру өте қиын. Мұндай жағдайда ауыртпалық шағын және орта кәсіпке түседі», — танымал тәжік оппозиционері Шарофиддин Гадоев.

Куляб билігі қарыз тізімі қалалық прокуратураға тапсырылады дейді. Ол тізімге Бег Сабур туыстарына тиесілі компаниялар мен кәсіпорындар кірер-кірмесі белгісіз.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM