Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда жер сілкінісінен 300-ге тарта үйге зақым келді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Соғды облысы Таулы Матча ауданында болған жер сілкінісінен үйлер мен қора-қопсы қираған. Бұл жөнінде Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.

Магнитудасы 5.9 болатын жер сілкінісі 23 наурызға қараған түні жергілікті уақытпен 1.07-де тіркелген.

Тәжікстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Умеда Юсуфидің айтуынша, дүмпу кіндігі Таулы Матча ауданындағы Палдорак ауылы маңында болған. 300 үйге зақым келген, 100-ден астам мал қырылған.

Душанбеде дүмпу күші 3-4 балл, Рашт ауданында 4-5 балл, ал Таулы Бадахшан ауданында 2-3 балға жеткен.

Оның айтуынша, жер сілкінісі салдарынан Таулы Матча ауданындағы кей үйлер мен қора-қопсы құлаған. Жараланғандар жоқ.

Палдорак ауылы тұрғындары Азаттықтың Тәжік қызметіне видеолар жіберді. Оған қарасақ, ауылда біраз үй бүлінген, кей үйлердің қабырғасы құлаған. Көршілес жатқан Пакшиф, Дехманора, Худгифи-Эшонхо және Рог ауылдарында да бүлінген үйлер бар.

Тұрғындар сол түнді далада өткізген. Азаттық сөйлескен адамдардың айтуынша, биліктен ешқандай көмек болмаған.

– Біздің кишлактағы үйлердің бәрі дерлік бүлінді. Малдың көбі өлді. Жұрттың қонатын жері жоқ, арамызда ауру адамдар, балалар, әйелдер бар. Ауылдықтардың бәрі осындай күйде, – деді Палдорак ауылының тұрғыны.

Тәжікстан премьер-министрі Кахир Расулзода мен Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмедзода апат аймағына кеткен.

Биыл 21 қаңтарда кешке Ауғанстан, Тәжікстан және Пәкістан мемлекеттерінің шекарасында жер сілкінген. Зілзала кіндігі Ауғанстанның Журм уезінен оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде болған. Соның кесірінен Пәкістан мен Ауғанстанда 13 адам қаза тауып, 90-дай адам жараланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM