Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстаннан кеткен ауған ұшқыштары БАӘ-ге жеткізілген (видео)

KAZAKBOL.COM

Ауғанстанда билікті «Талибан» қозғалысы басып алғаннан кейін Тәжікстанға қашып келген ауған ұшқыштары отырған ұшақ Біріккен Араб Әмірлігінің бас қаласы Абу-Даби әуежайына қонған.

10 қарашаға қараған түні АҚШ Тәжікстанда тамыз айынан бері паналап жүрген 200-ге жақын ауған босқынын, оның ішінде 143 ұшқышты өлкеден шығарып алып кеткен.

Озоди радиосымен байланысқан ұшқыштардың бірі Абу-Дабиде қонақ үйдің біріне жайғасқанын, енді АҚШ-қа қашан ұшатыны белгісіз екенін жеткізген.

10 қарашаға қараған түні Душанбе әуежайына барған Озоди тілшісі Тәжікстаннан ұшқыштардан бөлек тағы бірнеше ауған отбасы ұшып кеткенін хабарлаған. АҚШ жалпы Тәжікстаннан 250 ауған азаматын шығарып алуды жоспарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM