Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанның жеке зертханаларында тәулігіне ондаған адамнан ковид анықталып жатыр, билік теріске шығарады

Тәжікстан тұрғындары адам көп жиналатын қоғамдық орындарда маска тақпайды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі қаңтар айынан бері коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай анықталмады дегенімен, зертхана қызметкерлері мен науқастардың туыстары COVID-19 вирусымен ауырғандар саны артып жатыр дейді.

Душанбе қаласының № 13 емхана бас дәрігері Хомид Хомидзода соңғы тәулікте 10 адамнан коронавирус анықталғанын жеткізді.

12 маусымда «Азия-Плюс» ақпарат агенттігі «Диамед» жеке зертханасына сүйеніп, бір тәулікте тест тапсырған тұрғандардың 100-інен коронавирус анықталғанын хабарлады.

Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі болса, мұндай ақпараттың негізсіз екенін айтады.

Өзге аурухананың дәрігерлері мұндай хабарламаны растамады да, теріске де шығармады.

Душанбе тұрғыны мамыр айының соңында отбасымен COVID-19 вирус жұқтырып ауырып шыққанын айтады.

«Әкем бір үлкен шараға қатысуға барған. Сол жақтан жұқтырып келген болуы керек. Кейін анам ауырды. Тест тапсырғанда, вирусқа оң нәтиже көрсетті. Бірақ ауруханада жеке зертхананың нәтижесін қабылдамады. Олар өзіміз тексереміз деді», — дейді тұрғын.

Шохмансур ауданының учаскелік медбикесі бір көшеде тұратын бес бірдей үйдің тұрғындарынан коронавирус анықталғанын айтты.

Биыл ДДСҰ Тәжікстанға 6 млн долларға 87 тонна медициналық құралдар жеткізген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM