Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркімен-өзбек шекарасыдағы қатаң бақылау жолаушылардың өтуін қиындатты

KAZAKBOL.COM

Өзбекстаннан Түркіменстанға баратын жолаушылар шекара бекетінен өте көп тексеруден өтеді. Төлқұжат пен жүкті тексеру, коронавирусқа тест тапсыру, мұның бәрі бірнеше сағат уақыт алады.

Бұл күндері Лебап уәлаятындағы Фарап кеден бекетінде ұзын-сонар кезекте тұрған адам қарасы өте көп. Олардың дені Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Үндістан азаматтары. Көбі Өзбекстанға барып, ол жақтан шөл дала арқылы Түркіменстанға өтеді.

«Түркіменстанға кіретін азаматтардың бәрі COVID-19 вирусына тест тапсырады. Оның нәтижесі 7-10 сағатқа созылады. Тест тапсырудың құны — 34 доллар шамасында. Егер қалтаңызда екі қорап темекі болса оны тартып алады», — дейді жолаушылардың бірі.

Әсіресе бұл бекеттен түркіменстандықтар арасында Өзбекстанға өтіп, әрі қарай үшінші мемлекетке кетушілер күрт көбейген. Мұндай азаматтар түркімен билігі тарабынан қатаң бақылауға алынады дейді Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі.

Желтоқсан айының басында шетелге шығу үшін виза құжаттарын жинап жатқан азаматтармен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері әңгіме жүргізген.

Өзбекстанға баратын түркімен азаматтары үшін виза керек. Он күнге виза 51 доллар, 20 күнге 71 доллар және 30 күнге 91 доллар тұрады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM