Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркімен билігі қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюға балаларды тартып жатыр

KAZAKBOL.COM

Түркіменстан астанасы Ашғабат қаласының билігі парламенттің жоғарғы палатасының отырысы қарсаңында көшедегі қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою кампаниясына балаларды тарта бастады. Бұл жөнінде Азаттықтың Түркімен қызметі жазды.

Жануарлардың құқығын қорғаумен айналысатын құқық қорғаушылардың шағымдануынша, кейінгі күндері үй жануарларын табу, ұстау және өлтіру немесе оларды Ашғабаттан аулақ жердегі тастанды сарайларға, қоражайларға апарып тастау «ісіне» тек мамандар ғана емес, балалар да жалданып жатыр.

Мәселені интернетте қозғаған жануарлар құқығын қорғаушыларға билік тарабынан қысым да жасалған. Полиция олардың үйлеріне және кеңселеріне барып, «салдары жөнінде» ескерту жасаған.

Мысық-иттерді жою кампаниясы 11 ақпанға белгіленген сенаттың жоғарғы палатасы – «Халық мәслихаты» сессиясы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Мұндай шаралар жылдар бойы қандай да бір маңызды үкімет шарасы немесе оқиға кезінде өткізілетін.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, «Халық мәслихаты» сессиясының мүшелері «індет» сессия жұмысына әсер етпес үшін карантин мақсатында қонақ үйлердің біріне жайғасқан. Олар сол жақта 10 қаңтардан бері тұрып жатыр.

Көптеген дәлел-айғақтарға қарамастан Түркіменстан билігі елде «вирус жоқ» деумен келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM